АҚШ пен Израиль әскери-әуе күштері Иранның әуе базаларының жартысынан көбін істен шығарды
АҚШ пен Израиль авиациясы әскери операция басталғаннан бері Иранның 18 негізгі авиабазасының 10-ын істен шығарды.
Зардап шеккен базалардың қатарында Тегерандағы Мехрабад әуежайы, сондай-ақ Тебриз, Шираз, Конарак, Исфахан, Керманшах және Захедан қалаларында орналасқан ірі әскери әуе базалары бар.
Сарапшылардың пікірінше, бұл соққылар Иранның тактикалық авиациясын қолдану мүмкіндігін едәуір әлсіреткен.
Хабарламаларға қарағанда, АҚШ пен Израильдің әуе шабуылдары нәтижесінде авиабазалардағы:
-
жойғыш ұшақтар
-
әскери-көлік ұшақтары
-
әуе шабуылынан қорғаныс позициялары
-
ангарлар мен қоймалар
жойылып, ұшу-қону жолақтары да зақымданған.
Сонымен қатар негізгі базалардан бөлек, Иранның тактикалық авиациясы пайдалана алатын тағы тоғыз аэродром да соққыға ұшырағаны айтылды.
Еске салайық, АҚШ пен Израиль 28 ақпаннан бастап Иранға қарсы әскери операция жүргізіп жатыр.