Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 10:10

АҚШ пен Қытай Швейцарияда сауда қақтығысын талқылайды

АҚШ пен Қытай
Фото: ашық дереккөз

Бірнеше айға созылған экономикалық текетірестен кейін АҚШ пен Қытай билігі келіссөздер үстеліне отыруға келісті. 

Екі ел Швейцарияда кездесіп, жаһандық нарыққа кері әсерін тигізіп отырған сауда соғысын тоқтатудың жолдарын қарастырмақ.

Соңғы уақытта енгізілген қосымша тарифтер мен салықтық шектеулер қос тарапқа да айтарлықтай экономикалық шығын әкелді. Соның салдарынан жүздеген компания өндірісті қысқартуға мәжбүр болды, ал тұтынушылар тауар бағасының қымбаттауын сезінді. Бұл жағдай әсіресе технология мен өнеркәсіп саласына ауыр тиді.

Кейбір сарапшылар бұл кездесуді ұзаққа созылған сауда дауын шешуге бағытталған маңызды әрі алғашқы нақты қадам деп санайды. Алайда сараптамалық орталықтар тарифтік жанжалдың жаһандық экономикаға кері әсері жалғасып жатқанын ескертеді. Олардың пікірінше, егер тараптар жақын арада ортақ мәмілеге келе алмаса, әлемдік нарықтағы тұрақсыздық тереңдей түседі.

Айта кету керек, Қытай бұл текетірестің нәтижесінде 16 миллионға жуық жұмыс орнын жоғалтуы мүмкін деген болжамдар бар. Бұл ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға да үлкен салмақ түсіруі мүмкін.

Кездесудің нақты нәтижесі алдағы күндері белгілі болады. Дегенмен сарапшылар тараптарды келісімге келуге асығуға шақырып отыр, себебі бұл тек екі ел үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды шешім.

Тегтер: