Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:18

АҚШ пен Ресей Абу-Дабиде Украина бойынша құпия келіссөздер жүргізіп жатыр

Ресей
Фото: БАҚ

Financial Times газетінің мәліметінше, АҚШ атынан БАӘ-ге армия министрі Дэниел Дрисколл жіберілген.

Ресей делегациясына кімдер кіретіні әзірге белгісіз.

FT дереккөзінің хабарлауынша, АҚШ пен Ресей өкілдері арасындағы құпия келіссөздер 24 қарашадан басталып, бүгін де жалғасып жатыр. Reuters агенттігінің мәліметіне қарағанда, Дрисколл БАӘ-ге келгенде украиналық шенеуніктермен де кездесуді жоспарлап отыр.

«Бұл кездесулер болашақта жоғары деңгейдегі кездесулердің негізін қалауға арналған», - деп хабарлайды CNN американдық шенеуніктің сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп Дэниел Дрисколлды Украина бойынша АҚШ-тың жаңа арнайы өкілі деп атаған болатын. Ол Киевке Трамптың 28 тармақтан тұратын алғашқы бейбіт жоспарын таныстырған.

Reuters агенттігінің мәлімдеуінше, соңғы айларда АҚШ-тың Украинадағы соғысқа қатысты саясаты өте өзгермелі болды. Тамызда Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Аляскада жедел саммиті ұйымдастырылып, Вашингтонның Мәскеуге жеңілдік беруі мүмкін деген болжам туғызған еді. Алайда АҚШ Ресейге қысымды күшейтті. Дегенмен, жаңа «бейбіт жоспардың» пайда болуы Украинаға қолайсыз шарттарда бейбіт келісімге бару қаупін тудырды.

Ресей президенті Владимир Путин 21 қарашада РФ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында АҚШ жоспары соңғы бейбіт келісімнің негізі болуы мүмкін екенін айтқанымен, әзірге Ресеймен бұл мәтін бойынша нақты келіссөздер жүргізілмегенін жеткізді.

Оның пікірінше, бұл АҚШ әкімшілігі Киевтің келісімін алу мүмкін болмай жатқанымен байланысты, себебі Украина мен оның еуропалық серіктестері әлі де иллюзияда болып, Ресейге «стратегиялық жеңіліс» келтіруді армандайды. Путиннің сөзінше, олардың ұстанымы шайқас алаңындағы нақты жағдай туралы объективті ақпараттың болмауымен байланысты.