АҚШ пен Украина Ресеймен бейбіт келіссөздер мәселесі бойынша кездеседі

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Украина мен АҚШ делегациялары тамыздың соңына дейін Ресеймен бейбіт келіссөздер тақырыбын талқылау үшін кездесуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы ол Киевте Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стёремен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Зеленскийдің сөзінше, ол Киевке келген АҚШ президентінің Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлогпен «Ресей тарапымен өтетін алдағы кездесуге дайындық мақсатында» жолықпақ. Бұған дейін, елдің Тәуелсіздігінің 34 жылдығын атап өту салтанатында Келлог І дәрежелі «Ерен еңбегі үшін» орденімен марапатталған еді.
«Апта ішінде атқарылатын жұмыс көп болады», – деді Зеленский.
Оның айтуынша, бір күн бұрын президент әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен және өзге де серіктестермен келіссөздер өткізген. Сонымен қатар сыртқы істер министрінің орынбасары Андрий Сибига G7 мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің онлайн кездесуіне қатысқан.
Мемлекет басшысы сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілердің кездесуі 27 тамызға жоспарланғанын хабарлады.