Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:06, 27 Қыркүйек 2023

АҚШ Польшаға армияны жаңғыртуға 2 миллиард доллар бөледі

полша
Фото: FBM.ru

Польша өзінің қарулы күштерінің құрамын айтарлықтай кеңейтіп, «Кеңес Одағы кезінде шығарылған ескі әскери техникадан құтылуды» жоспарлап отыр

Польшаның қорғаныс қабілетіне салынған инвестиция аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосады, деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік департаменті.

АҚШ пен Польша Польша армиясын модернизациялау үшін Варшаваға 2 миллиард доллар несие беру туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде айтылған.

Мәлімдемеге сәйкес, АҚШ-тың «адал одақтасы» Польшаның қауіпсіздігі НАТО-ның шығыс қанатын ұжымдық қорғауда маңызды.

Сондай-ақ Польшаның Украинаға халықаралық көмек көрсетудегі жетекші рөлі атап өтілді.

Польшаның қорғаныс қабілетіне инвестиция салуы аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосатыны хабарланып жатыр.

Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде халықаралық көмекті жеткізуде орталық рөл атқаратын Польшаның табандылығы атап өтілді. Оның қорғанысына инвестиция құю көршілес Украина мен аймақтағы қауіпсіздік жағдайын нығайтады.

Мәлімдемеде айтылғандай, модернизация бағдарламасы аясында Польша өзінің қарулы күштерінің құрамын айтарлықтай кеңейтіп, «Кеңес Одағы кезінде шығарылған ескі әскери техникадан құтылуды» жоспарлап отыр.