АҚШ президенттік сайлауы: Трамптың тағдырын Жоғарғы сот шешеді

АҚШ-тың Жоғарғы соты бұрынғы президент Дональд Трамптың Ақ үй басшысы лауазымына қайтадан үміткер бола алатынын шешеді.
Бұл туралы Daily Mail мәлімдеді.
АҚШ Жоғарғы сотының судьялары Трамптың Колорадодағы Республикалық партияның праймеризіне қатысуға тыйым салатын сот шешіміне берген шағымын қарауға келісті. Іс ақпан айында қаралып, шешім ашық айтылатын болады. Судьялар тез арада шешім қабылдайтындарын айтты, шешім 8 ақпанға жоспарланған.
Атап айтқанда, Американың Азаматтық соғысы кезінде Конституцияға енгізілген түзетудің Трампқа қатысы бар ма деген сұрақ туындайды. АҚШ Конституциясына енгізілген 14-түзету «бүлікке немесе көтеріліске қатысқан» кез келген адамға федералды лауазымды атқаруға тыйым салады, бірақ бұрынғы президенттің адвокаттары мұның Трампқа қатысы жоқ екенін айтады.
Бірнеше штат Трампты үш жыл бұрын АҚШ Капитолийіндегі тәртіпсіздік кезінде көтеріліске шақырды деп, оны дисквалификациялау үшін сотқа шағым түсірді. Жоғарғы соттың Трамптың шағымын қарау туралы шешімі 27 штаттың бас прокуроры Колорадо сотының шешімін бұзу туралы өтініш бергеннен кейін шықты. Олар Трампты бюллетеньнен алып тастау «көтеріліске себеп болды» деп сендіреді.
Айта кетейік, АҚШ-тың экс- президенті Дональд Трамп 2024 жылғы сайлауда АҚШ-тың қазіргі көшбасшысы Джо Байденнен бірнеше штатта алда келеді.