Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:55, 25 Наурыз 2026

АҚШ Путин мен Зеленскийдің кездесуін қалайды

Зеленский мен Трамп және ЕО басшылары
Фото: Anna Moneymaker / Getty Images

Трамп АҚШ Ресей президенті Владимир Путиннің Украина бойынша мәміле жасау үшін Владимир Зеленскиймен кездесуін көргісі келетінін айтты.

«Мен  президенттер – Путин мен Зеленскийдің келіссөздер үстеліне отырғанын және мәміле жасағанын қалаймын», - деді Трамп Ақ үйдегі іс шара кезінде.

Айта кетейік, АҚШ, Украина және Ресей қатысатын келіссөздердің жалғасуы бірнеше рет Ирандағы соғысқа байланысты кейінге шегерілген. Зеленскийдің айтуынша, Украина оларды қайта бастауға ұмтылып отыр және нақты күндер белгіленеді деп үміттенеді.

Бұған дейін Зеленский соғысты аяқтауға қатысты келіссөздердің келесі кезеңі өтетінін жариялаған, алайда ол Ресей өкілдерінің қатысуынсыз өтеді.

13 наурызда Украина президенті Вашингтон мен Мәскеудің үшжақты келіссөздердің өтетін уақыты мен орнына қатысты көзқарастары әртүрлі екенін айтқан.

Зеленскийдің сөзінше, украин делегациясы Майами немесе Вашингтонға баруға дайын болған, алайда Ресей тарапы бұдан бас тартып, Түркия немесе Швейцарияны ұсынған. Бірақ бұл нұсқаларды АҚШ қауіпсіздік себептерімен қабылдамаған.

«Келіссөз процесі “Санта-Барбараға” айналды», — деді Зеленский.

Соңғы айларда АҚШ, Украина және Ресей қатысқан үшжақты форматтағы келіссөздер бірнеше рет өткен. Алайда осы уақытқа дейін бейбіт келісімге қол жеткізу бағытында нақты нәтиже болмаған.