АҚШ Ресей Федерациясына қарсы санкцияларды айналып өту желісін анықтады
АҚШ TGR Group тобына қатысы бар бес жеке және төрт заңды тұлғаға қарсы санкция салды. АҚШ қазынашылығының мәліметінше, бұл топ ресейлік элитаның мүддесі үшін әрекет еткен.
Шетелдік активтерді бақылау басқармасы TGR Group тобына қатысы бар бес жеке тұлға мен төрт ұйымға қарсы санкциялар салды. Бұл туралы АҚШ қаржы министрлігі хабарлады.
АҚШ минисрлігінің айтуынша, бұл топ «ресейлік элитаның мүддесі үшін санкциялардан айтарлықтай жалтаруға ықпал еткен кәсіпорындар мен қызметкерлердің кең халықаралық желісі».
Сонымен қатар, Вайоминг штатында активтерінің басым бөлігі санкцияға ұшыраған адамға тиесілі ұйым анықталды.
Операцияны Ұлыбританияның Ұлттық қылмысқа қарсы агенттігі, Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметі, Есірткіге қарсы күрес агенттігі және Қаржылық қылмыспен күрес желісі жүргізді.