Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:00

АҚШ Ресей мұнайына салынған санкцияларды жеңілдетуі мүмкін

мұнай
Фото: из открытых источников

Reuters агенттігі хабарлағандай, Вашингтон шектеулерді ішінара әлсірету немесе кейбір елдерге арнайы рұқсат беру нұсқаларын талқылап жатыр. Бұл жағдайда, мысалы, Үндістан ресейлік мұнайды АҚШ санкцияларынан немесе қосымша баж салығынан қорықпай сатып ала алады.

Сарапшылар мұны әлемдік энергия бағасының өсуін тежеуге бағытталған қадам деп бағалайды. Қазіргі кезде мұнай бағасының қымбаттауына АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы әсер етіп отыр. Алайда бұл шешім Ресейдің Украинадағы соғысқа жұмсайтын табысын қысқартуға бағытталған АҚШ саясатына қайшы келуі мүмкін.

Санкцияларды жеңілдету туралы ақпарат Дональд Трамп пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлескеннен кейін тарады. Өткен аптада АҚШ Үндістанға ресейлік мұнайды уақытша сатып алуға рұқсат берген – әңгіме Ресей порттарынан жөнелтіліп, танкерлерде тұрған мұнай туралы. АҚШ Қаржы министрі бұл шешімнің Ресей үкіметіне айтарлықтай пайда әкелмейтінін атап өтті.

Егер Таяу Шығыстағы әскери жағдай шиеленіссе, АҚШ санкцияларды одан әрі жеңілдетуі мүмкін, яғни Ресейге теңіздегі танкерлерде тұрған жүздеген миллион баррель мұнайды сатуға мүмкіндік берілуі ықтимал.