Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:27

АҚШ саясаткері Құранды өртеп, «Исламға қарсы соғыс» жариялады

1
Фото: из открытых источников

 АҚШ-та Колумбия текті саясаткер Валентина Гомес төңірегінде халықаралық деңгейде резонанс тудырған скандал өрбіді. Қазір Гомес Техас штатынан Республикалық партия атынан Конгреске үміткер ретінде қатысуда.

Саяси науқан аясында жариялаған видеоролигінде Гомес Құран кітабын өртеп, камераға қарап:«Мен исламды жоюға тырысамын, маған сайлауда көмектесіңіздер»-деп мәлімдеді. Бұл видео әлеуметтік желілерде жедел таралып, көптеген қолданушылар мен халықаралық қоғамдастық тарапынан қатты сынға ұшырады.

Мұсылман қауымдастығы мен құқық қорғаушылар Гоместің әрекетін ашық түрде жек көруді шақыру және дінаралық алауыздықты күшейту деп бағалады. Бірқатар құқық қорғау ұйымдары бұл әрекетті АҚШ-тағы азаматтық бейбітшілік пен дінаралық келісімді бұзуға бағытталған деп атап, ресми түрде тергеу басталуын талап етті.

Саясаттанушылар мен аналитиктер мұндай қадамдардың тек саяси науқан аясында көрінетін көңіл аударту стратегиясы екенін, алайда оның қоғамдағы толқуды күшейтетінін ескертеді. Техастағы кейбір сарапшылар бұл оқиғаны сайлау алдындағы шиеленістің көрінісі деп сипаттап, сайлаушылар мен қауымдастық арасында жауапты және тыныш диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Әлемдік БАҚ пен әлеуметтік желілерде бұл видеоны талқылау әлі де жалғасуда, ал кейбір қоғам белсенділері Валентина Гомеске қарсы құқықтық шаралар қолдануы мүмкін.

Тегтер: