Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:47

АҚШ соты: Ресейге санкциялық тауарлар Қазақстан арқылы жеткізілген

Санкция
Фото: overclockers.com

АҚШ-тағы Eleview International Inc. компаниясы Ресейге санкция салынған өнімдерді жеткізу тізбегін ұйымдастырғаны анықталды. Шығыс Вирджиния округінің федералдық сот материалдарына сәйкес, компания басшылары Виталий Борисенко мен Олег Наяндин 2022 жылдың наурызынан 2023 жылдың маусымына дейін АҚШ-та өндірілген тауарлар мен технологияларды Ресейге заңсыз экспорттауға қатысқан.

Тергеу деректеріне қарағанда, санкциялық өнімдер Түркия, Финляндия және Қазақстан арқылы жеткізіліп отырған. Осылайша, АҚШ Сауда министрлігіне жалған мәлімет берілгені анықталған. Қазақстан аумағына жеткізілген қос мақсаттағы өнімдердің жалпы көлемі 1,47 миллион доллар болған.

Сот құжаттарында Қазақстан тарапынан қандай да бір лауазымды тұлғалардың бұл схемаға қатысы бар екені жайлы нақты дерек жоқ. Ал Eleview International басшылары АҚШ Әділет министрлігімен мәміле жасап, тергеуге көмектескендіктен, қамауға алынған жоқ.