Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:00, 05 Қаңтар 2024

АҚШ-та 17 жастағы оқушы мектепте атыс шығарды

АҚШ атыс
Фото: Picture Alliance

Америка полициясы Айова штатының Перри қаласындағы мектепте атыс болып, бір оқушы қаза тауып, тағы бес адам жараланғанын растады.

Атысты винтовка мен шағын калибрлі тапаншамен қаруланған сол мектептің 17 жастағы оқушысы ұйымдастырған. Ол мектепте оқ атуға ниетті екенін бір күн бұрын әлеуметтік желі арқылы мәлімдеген. Анықталғандай, қаза тапқан адамның 6-сынып оқушысы, жараланғандар арасында төрт мектеп оқушысы мен мектеп әкімшілігінің бір қызметкері бар. Зардап шеккен балалардың бірінің жағдайы ауыр.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, атыс жасаған оқушы өз-өзіне қол жұмсаған.

Полиция сонымен қатар мектеп ғимаратының ішінен жарылмаған қолдан жасалған жарылғыш затты тапты, ол залалсыздандырылды, деп хабарлады мемлекеттік қауіпсіздік департаментінің өкілі Митч Мортведт баспасөз мәслихатында.

Атыс қысқы каникулдан кейінгі оқудың бірінші күнінің басында болды, мұндай уақытта мектепте  оқушы аз болады. Қылмыстың себебі белгісіз.

Тегтер: