АҚШ-та қаза тапқан украиналық қыздың атымен жаңа заң қабылданды

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатының губернаторы Джош Стейн 4 қазан күні ресейлік соғыстан қашып келген украиналық қыз Ирина Заруцкаяның құрметіне арналған «Ирина заңы» деп аталатын жаңа заңға қол қойды.
Бұл туралы Fox News хабарлады.
Заң не қарастырады?
Жаңа заң жобасы:
-
кейбір зорлық-зомбылық және қайталанған қылмыстар үшін ақшалай кепілсіз босатуға тыйым салады;
-
магистраттар мен судьялардың істерді ерте тоқтату өкілеттігін шектейді;
-
штаттың жоғарғы сот төрағасына магистраттарды қызметінен шеттету құқығын береді;
-
және айыпталушылардың психикалық денсаулығын тексеруді міндеттейді.
Губернатордың мәлімдемесі
Демократиялық партия өкілі Джош Стейн заң жобасын республикалық көпшілік ұсынғанын және оның кейбір тұстарымен келіспейтінін мойындады.
Алайда ол бұл құжаттың мақсаты сот жүйесінің қауіпті адамдарға ерекше назар аударуына жол ашу екенін айтты.
«Бұл жақсы бастама. Бірақ мен Солтүстік Каролинада өлім жазасының қайта енгізілуіне жол бермеймін», – деді губернатор.
23 жастағы украиналық Ирина Заруцкая 23 тамыз күні Солтүстік Каролинаның Шарлотта қаласында пойыз ішінде қаза тапты.
34 жастағы Декарлос Браун айыпты деп танылды, оған кісі өлтіру бабы бойынша айып тағылған.
10 қыркүйекте АҚШ президенті Дональд Трамп бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, сот процесін жылдамдатуға және айыпталушыға өлім жазасын беруге шақырды.
Белгілі болғандай, айыпталушы бұған дейін бірнеше рет сотталған және психикалық дертке шалдыққан болуы мүмкін.