Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:18

АҚШ-та мереке кезінде көлік адамдарды қағып, 15 адам жарақат алды

Е
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-та, Луизиана штатындағы Нью-Иберия қаласында Лаос Жаңа жылына арналған шеру кезінде мас жүргізуші көлігімен адамдарды қағып кеткен.

Оқиға салдарынан 15 адам жарақат алып, олардың кейбірінің жағдайы ауыр. Бұл туралы Иберия округі шерифінің кеңсесі хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, көлік алдымен шеру қатысушыларына жақындап, кейін күрт жылдамдықты арттырып, адамдарды қағып өткен. Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, ал жергілікті билік зардап шеккендерге қолдау білдірді.

Фестиваль ұйымдастырушылары қауіпсіздікке байланысты бағдарламаның уақытша өзгергенін мәлімдеді. Атап айтқанда, кешкі музыкалық концерттер тоқтатылғанымен, сауда нүктелері жұмысын жалғастырады. 5 сәуірдегі шаралар қауіпсіздік жағдайына қарай тек діни рәсімдер мен сауда қатарлары форматында өтуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Лос-Анджелестегі Санта-Моника бульварында да көлік адамдар тобына соғылып, кемінде 20 адам жарақат алған, олардың бесеуі ауыр хәлде болған.