АҚШ-та ірі көлемде кокаин тасымалына қатысы бар екі қазақстандық қамауға алынды

Чамберс округінің Шериф кеңсесінің арнайы тергеу бөлімі есірткіге қарсы күрес басқармасымен (DEA) бірлесе отырып, 27 қыркүйекте I-10 автокөлігін тоқтатып, оның ішінен 35 келі кокаин тапқан.
Ведомствоның мәліметінше, жүргізуші Нұрсұлтан Мұхтарәлі (Нью-Йорк) және жолаушы Мұхит Данибеков (Пенсильвания) қамауға алынған. Оларға аса ірі көлемде есірткі сақтады, бірінші дәрежелі ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. Екеуі де Чемберс округінің түрмесінде. Оларға кепіл сомасы 200 000 доллардан белгіленген.
Ұсталғандардың бірінің ағасы Жомарт Дәнібеков олардың кінәсіз екенін айтып мәлімдеме жариялады. Дәнібековтың айтуынша, жүк көлігінің жүргізушілері көлікте есірткі барын білмеген. Ол отбасының кепілге және қорғауға қаражат жинап жатқанын айтты: «Ағамның үш кішкентай қызы бар, әйелі ауыр науқас» - дейді Дәнібеков.
Аталған оқиғаға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.