АҚШ-та тағы да жаппай атыс болды
Бұл жолы қайғылы оқиға Мичиган штатындағы Гранд-Бланк қаласында орналасқан мормон шіркеуінде болды. Полицияның хабарлауынша, белгісіз ер адам ғимарат ішінде оқ жаудырып, артынша шіркеуде өрт шыққан. Қазір төтенше қызмет өкілдері өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қарулы адам оқиға орнында құқық қорғау органдары тарапынан залалсыздандырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, алтыдан сегізге дейін адам жарақат алған. Шабуылдың себебі әзірге белгісіз.
Осы күні тағы бір қанды оқиға Солтүстік Каролинада орын алды. Жергілікті яхт-клубтағы барға қайықпен келген ер адам оқ атып, үш адамды мерт қылды. Тағы сегіз адам әртүрлі деңгейде жарақат алған. Күдікті кейіннен полиция тарапынан ұсталды.
Бір күнде тіркелген екі қарулы шабуыл АҚШ-тағы қоғамдық қауіпсіздік пен қару айналымы мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды.