Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:38, 13 Қараша 2025

АҚШ-та тарихтағы ең ұзақ үкіметтік шатдаун аяқталды

АҚШ
Фото: АР

АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық үкіметтің жұмысын қайта қаржыландыру туралы заңға қол қойды.

 Осылайша 43 күнге созылған шатдаун — ел тарихындағы ең ұзақ үкіметтік тоқтау кезеңі  ресми түрде аяқталды.

13 қарашада Трамп үкімет жұмысын 30 қаңтарға дейін қаржыландыруды ұзарту туралы заңға қол қойды. Бұл бастамаға дейін заң жобасын АҚШ Конгресінің екі палатасы да қолдаған еді.

Түнде Өкілдер палатасы құжатты мақұлдап, 222 депутат «иә», ал 209 депутат «жоқ» деп дауыс берді. Кейінірек Сенат та шатдаунды тоқтататын заң жобасын қабылдады.

Бұл жолғы шатдаун 43 күнге созылып, АҚШ тарихындағы ең ұзақ мерзім болып тіркелді. Республикалықтар мен демократтар арасындағы федералдық бюджет мәселесіне қатысты келіспеушіліктер салдарынан шамамен 750 мың мемлекеттік қызметкер ақысыз демалысқа жіберілді.

Тек маңызды инфрақұрылым салалары — әуе қозғалысын басқару, полиция, шекара күзеті және жедел медициналық көмек қызметтері өз жұмысын жалғастырды.

Axios басылымының хабарлауынша, шатдаун салдарынан НАТО одақтастарына арналған америкалық қару-жарақ жеткізілімі 5 млрд доллардан асатын сома бойынша кейінге қалдырылған.

Екі партия арасындағы келісімнің басты негізі — медициналық сақтандыру саласындағы салықтық жеңілдіктер туралы шешім болды. Сонымен қатар шатдаун кезінде уақытша жұмыстан босатылған федералдық қызметкерлер қайта жұмысқа қабылданып, төленбей қалған жалақылары толық өтелетін болды.

Тегтер: