АҚШ-тағы түрмеден босатылған ресейлік Винник Мәскеуге келді

Вашингтон мен Мәскеу арасындағы тұтқын айырбастау кезінде босатылған Александр Винник Ресейге келді.
Ресей азаматы, BTC-e онлайн биржасының негізін қалаушы, Вашингтон мен Мәскеу арасындағы тұтқындарды айырбастау кезінде босатылған Александр Винник Ресейге келді. Бұл туралы 14 ақпан, жұмаға қараған түні ТАСС пен Интерфакс агенттіктері хабарлады.
Винник ісі
Александр Винник 2017 жылдың жазында Грецияның солтүстігінде отбасымен демалып жүрген кезінде АҚШ-тың өтініші бойынша қамауға алынды. Оған бопсалау, адам ұрлау және есірткінің заңсыз айналымына көмектесті деген айыптар тағылды. 2024 жылы Виник ақшаны жылыстату үшін қастандық жасағаны үшін кінәсін мойындады. Ол АҚШ-та 4 миллиард долларды (3,8 миллиард еуро) жылыстатқаны үшін айыпталып, 50 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Винник 2022 жылдың тамызында АҚШ-қа экстрадицияланды.
Бұрын BTC-e күнделікті айналымы 66 миллион долларды құрайтын әлемдегі ең үлкен он криптографиялық платформаның бірі болды. Бүкіл BTC-e желісін АҚШ билігі заңсыз деп санады, себебі ол анонимді шоттардан сауда жасауға мүмкіндік берді. Адвокаттардың айтуынша, Александр Винник 2024 жылдың 1 тамызында Ресей, АҚШ және басқа да Батыс елдері арасындағы тұтқындарды алмасу туралы келісімге қосылғысы келген.