Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:41

АҚШ Тайваньға қару жеткізеді, Украинадағы сайлау - Әлемдегі оқиғалар

Робио мен Трамп
Фото: Anna Moneymaker / Getty Images

АҚШ Тайваньға рекордтық қару-жарақ жеткізуді жоспарлап отыр.

- Трамп әкімшілігі Тайваньға 11,1 миллиард долларлық ірі қару-жарақ келісімін мақұлдады. Жеткізілімдерге HIMARS зымыран жүйелері, Javelin танкке қарсы жүйелер, Altius дрондары, гаубицалар және басқа да компоненттер мен жабдықтар кіреді.

- Зеленский Украинадағы жаңа президент сайлауына қатысты пікір білдірді.

Украина шетелдегі украиналықтар үшін электронды дауыс беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Қазіргі уақытта бұл тек президент сайлауына қатысты, ал парламенттік және жергілікті сайлауларға қатысты шешім әлі талқыланған жоқ.

- Француз анестезиологы 12 науқасты өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 18 желтоқсанда Франция соты Бесансон қаласындағы жеке клиникалардың бұрынғы жетекші анестезиологы, 53 жастағы Фредерик Пешеге үкім шығарды. Ол 2008–2017 жылдары бірнеше науқастың өліміне кінәлі деп танылды.

- Еуропалық Одақтың 27 елінен бірнеше мың фермер Брюссельде Еуропалық Парламенттің алдында ЕО-Меркор сауда келісіміне қарсы наразылыққа шықты. Шеру кезінде жағдай ушығып, демонстрациялар агрессивті сипат ала бастады.Еуропалық фермерлердің айтуынша, Меркор келісімі ЕО нарығына Оңтүстік Америкадан арзан ауыл шаруашылығыөнімдерін тасып, жергілікті фермерлердің жағдайын одан әрі нашарлатуы мүмкін.