АҚШ-тың 14 штаты Трамп пен Илон Маскты сотқа берді

Талапкерлер Масктың DOGE директоры болып тағайындалуын «конституцияға қайшы» деп санайды.
АҚШ-тың 14 штаты миллиардер Илон Маск пен президент Дональд Трампты сотқа берді. Талапкерлер Масктың Үкімет тиімділігі департаментінің (DOGE) директоры болып тағайындалуын «конституцияға қайшы» деп санайды.
Илон Масктың үкіметтік институттарға әсері АҚШ-та пікірталас тудырып жатыр.
Америкалық The Hill басылымының хабарлауынша, Нью-Мексико, Аризона, Мичиган, Калифорния, Коннектикут, Гавайи, Мэриленд, Массачусетс, Миннесота, Невада, Орегон, Род-Айленд, Вермонт және Вашингтон штаттары Трамп, Маск және DOGE-ға қарсы сотқа шағым түсірген.
Петицияда Масктың DOGE директоры болып тағайындалуы «конституцияға қайшы» екендігі және оған берілген өкілеттіктерді «шексіз және бақылаусыз билік» деп атаған.
«Президент Трамп ұлтқа төнетін ықтимал қауіпті бағаламауда. Трамп Маск мырзаға Конгресстің тиісті рұқсатынсыз немесе оның қызметіне ақылға қонымды бақылаусыз іс жүзінде шексіз өкілеттік берді», - делінген құжатта.
Бұл ретте Маск Трампқа қатысты соңғы сот процестеріне қатысты өз пікірін білдірді.
«Судья президенттің кез келген әрекетін сабырмен тоқтата алатын жерде біз демократиялық мемлекетте өмір сүрмейміз», - деді миллиардер.
DOGE ұйымын АҚШ президенті Дональд Трамп «федералдық қаражаттың ысырап болуына жол бермеу» үшін құрған.