Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:16, 17 Қазан 2024

АҚШ Украинаға 425 миллион доллар көлеміндегі жаңа әскери көмек пакетін жариялады

а
Фото: Getty Images
АҚШ Украинаға 425 миллион доллар көлемінде тағы бір ауқымды әскери көмек пакетін ұсынатынын мәлімдеді. Бұл туралы сәрсенбі күні жарияланған мемлекеттік хатшы Энтони Блинкеннің мәлімдемесінде айтылған.

Пентагонның қорынан берілетін қосымша көмекке NASAMS әуе қорғаныс зымырандық жүйелеріне арналған оқ-дәрілер, әуе шабуылына қарсы RIM-7 зымырандары, Stinger әуе қорғаныс зымырандары, «әуе-жер» оқ-дәрілері, HIMARS зымыран жүйелеріне арналған оқ-дәрілер, 155 мм және 105 мм артиллериялық оқ-дәрілер, кассеталық оқ-дәрілер, HMMWV әскери жол талғамайтын көліктері, Javelin және AT-4 танкке қарсы жүйелері, TOW оптикалық бағыттағы зымырандары, жеңіл тактикалық машиналар, атыс қарулары, оқ-дәрілер мен гранаталар, кедергілерді жоюға арналған құралдар мен оқ-дәрілер, қосалқы бөлшектер, сондай-ақ басқа техникалар, қызметтер, оқыту және тасымалдау кіреді.

«АҚШ Украинаға өз позицияларын нығайту, өз аумағын және халқын Кремльдің қатігез агрессиясынан қорғау, сондай-ақ әділ және ұзақ мерзімді бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қажетті техникамен қолдауға дайын. Президент Байден айқын жеткізгендей, біз құрған халықаралық коалициямен бірге Америка Құрама Штаттары Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыра береді», – делінген Блинкеннің мәлімдемесінде. 

Тегтер: