Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:00

АҚШ Украинамен пайдалы қазбалар бойынша келісімге қол қою мерзімін атады

санкция
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-қа Украинаның минералдық ресурстарына, соның ішінде сирек жер металдарына қол жеткізу туралы келісімге келесі аптада қол қойылады.

Бұл туралы ойды  АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Виткофф жексенбі күні CNN арнасында білдірді.

The New York Times жазғандай, Трамп пен Виткоффтың жеке, сенімді қарым-қатынасы бар. Бірнеше апта бұрын Трамп Виткоффтың өкілеттігін Таяу Шығыстағы бейбітшілік үдерісінен тыс кеңейтіп, оның Украина мен Ресей жөніндегі арнайы өкілі отставкадағы генерал Кит Келлог болғанына қарамастан, оған Ресей басшылығымен келіссөздер арнасын ашуды тапсырды.

Украина президенті Владимир Зеленский «бір апта бұрын бұл міндеттемеден бас тартты», - деді Витткофф CNN-ге Украина көшбасшысының Вашингтонмен бастапқыда жасалған келісімді қабылдаудан бас тартуына сілтеме жасай отырып.

"(АҚШ) президенті оған хабарлама жіберді. Ол енді тартынбайды", - деп қосты арнайы өкіл.

Өз кезегінде АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент жексенбі күні Fox News арнасына берген сұхбатында «Зеленский минералдық ресурстарға қатысты келісімге қол қояды» деді.

Украина президентінің өзі сол күні табиғи ресурстарға қатысты Вашингтон-Киев келісімі бойынша келіссөздердің алға жылжып жатқанын хабарлады.

Тегтер: