АҚШ Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін Еуропаға сенім артады

Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру мәселесі Еуропаға жүктеледі, ал АҚШ Киевке әскери көмекке кеткен шығындарын өтеуі керек, деп мәлімдеді Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі.
АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің жоғары лауазымды шенеуніктері келесі аптада еуропалық шенеуніктермен кездесіп, Украинадағы ауқымды соғысты тоқтату жолдарын талқылайды. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтцтың айтуынша, Еуропаға АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, қорғаныс министрі Пит Хегсет, вице-президент Дж.Д.Вэнс және АҚШ-тың Украина мен Ресей жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог барады.
Сол күні Майк Уолтц NBC арнасына берген сұхбатында соғыс аяқталғаннан кейін Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беретін Еуропа екенін, ал АҚШ Киевке әскери көмек көрсетуге кеткен шығындарын өтеуге ниетті екенін мәлімдеді. «Біз бұл шығындардың орнын толтыруымыз керек, бұл украиндармен сирек кездесетін металдар, олардың табиғи ресурстары, мұнайы мен газы және біздің ресурстарды сатып алу бойынша серіктестік болады», - деді Трамптың кеңесшісі.
АҚШ президенті «соғысты тоқтатуға» және Қытай, Үндістан және Таяу Шығысты қоса алғанда, «барлық тараптарды» келіссөздерге тартуға ниетті, деп атап өтті Уолтц. Ол сондай-ақ Мәскеу диалогтан бас тартса, Трамп Ресейге қарсы «салықтар, тарифтер, санкциялар» енгізуден бас тартпайтынын айтты.