Бүгін, 15:55
АҚШ Венесуэла мұнайының алғашқы партиясын 500 млн долларға сатты
Николас Мадуро режимі құлатылғанына небәрі екі апта өтсе де, АҚШ алғашқы қаржылық нәтижені тіркеді.
CNN мәліметінше, Вашингтон Венесуэла мұнайының алғашқы партиясын 500 млн долларға сатқан.
Ақ үйдегі дереккөздің айтуынша, алдағы күндер мен апталарда жаңа келісімдер жасалуы мүмкін.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэланың энергетика саласын қалпына келтіруге кемінде 100 млрд доллар инвестиция салу жоспары барын мәлімдеген. Алайда бұл соманың қалай есептелгені нақты айтылмаған.
Сонымен қатар америкалық мұнай алпауыттарының бірқатар басшылары бұл бастамаға күмәнмен қарап отыр