Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:55

АҚШ Венесуэламен байланысты тағы бір мұнай танкерін тоқтатты

1
Фото: из открытых источников

АҚШ билігі кейінгі апталарда Венесуэламен байланысты тағы бір мұнай танкерін ұстады. Бұл жолы Veronica атты кеме тоқтатылған. Бұл туралы АҚШ қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы ресми түрде хабарлады.

Мәлімдемеге сәйкес, аталған операция АҚШ-тың қолданыстағы санкциялық режимін сақтау және заңсыз мұнай тасымалының алдын алу мақсатында жүргізілген. Бұл – соңғы апталарда Венесуэламен байланысы бар ұсталған алтыншы мұнай танкері.

АҚШ қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы Венесуэла мұнайын экспорттауға қатаң талап қойылатынын атап өтті.

«Венесуэладан заң талаптарына толық сай келетін әрі тиісті тәртіппен тасымалданатын мұнай ғана шығарылатын болады», – делінген ресми мәлімдемеде.

Вашингтон Венесуэла билігін санкцияларды айналып өту үшін заңсыз тасымал схемаларын пайдаланып отыр деп айыптайды. АҚШ билігінің айтуынша, мұнай сатудан түскен қаржы елдегі билікті сақтап қалуға және сыбайлас жемқорлық жүйесін қаржыландыруға жұмсалуы мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, танкерлерді ұстау Венесуэла экономикасына қосымша қысым түсіріп, елдің мұнай экспортын айтарлықтай шектеуі ықтимал. Сонымен қатар бұл шаралар АҚШ пен Венесуэла арасындағы саяси текетіресті одан әрі күшейте түсуі мүмкін.

Венесуэла билігі әзірге Veronica танкерінің ұсталуына қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Тегтер: