Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 15:31

АҚШ жаһандық соғысқа дайындалып жатыр – Такер Карлсон

ресейлік жалдамалы сарбаздар
Малидің солтүстігіндегі ресейлік жалдамалы сарбаздар. Фото: AP

АҚШ-тың 2027 жылға арналған қорғаныс бюджетін күрт арттыруы елдің ауқымды соғысқа дайындалып жатқанын аңғартады.

Бұл туралы танымал америкалық журналист Такер Карлсон мәлімдеді.

Журналистің айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған 1,5 триллион долларлық әскери бюджет бейбіт кезеңдегі қалыпты көрсеткіш емес.

«Мұндай көлемдегі бюджет әдетте жаһандық немесе аймақтық соғысқа дайындалып жатқан мемлекетке тән. Айқын көрініп тұр – біз әлемдік соғысқа қарай бет алып барамыз», - деді Карлсон өз авторлық бағдарламасында.

Оның пікірінше, көпшілік мұндай сценарийдің іске асуын қаламайды, алайда соңғы геосаяси шешімдер мен әскери шығындардың ұлғаюы оқиғалардың дәл осы бағытта дамып жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-тың 2027 жылғы әскери бюджетін бастапқыда жоспарланған 1 триллион доллардың орнына 1,5 триллион долларға дейін арттыру қажеттігін мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, бұл шешім Америка Құрама Штаттарына «жаңа деңгейдегі қарулы күштерді» қалыптастырып, кез келген қауіп-қатерден өзін толық қорғауға мүмкіндік береді.

Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-тың әскери шығындарының күрт өсуі әлемдегі әскери-саяси тепе-теңдікке айтарлықтай әсер етіп, халықаралық тұрақсыздықты одан әрі күшейтуі мүмкін.