Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:56, 10 Қаңтар 2024

«Ақша жинағыш» блогер, ақын, коучтер енді кәсіпкер ретінде тіркелуге міндеттелді

блогер
Фото: из открытых источников

Танымалдығын пайдаланып түрлі мақсатта желіде қор ашатын айтыскер ақын, мотиватор, коучтер бұдан былай жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндеттелді. Күдікті ойындар мен түрлі конкурстар ұйымдастыратын блогерлердің шотына айына 100 аударымнан бірнеше есе көп ақша түсері анық. Құзырлы органдар блогерлер кәсіпкер ретінде тіркелмесе, қатаң тексеруге ілінетінін мәлімдеді.

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бұл шараның мән-жайын баса айтып кетті. 

– Жалпы биылдан бастап көпшіліктен ақша жинау тек қайырымдылық мақсатта ресми рұқсат етіледі. Оның өзінде сырқат бүлдіршіндердің еміне ғана кәсіпкер ретінде тіркелмей қаражат жинауға рұқсат. Ал қазіргі интернет бетінде кезіп жүрген жол салу, мешіт-медіресе құрылысына арналған түрлі ақша жинаушылардан әр тиынның сұрауы болады.

Кім ақшаны жинайды, нақты білу керек не үшін жинап жатқанын. Жеке шотына түсіп жатыр ғой. Кәсіпкерлік бағытта емес, жарнама болса онда салық міндеттемесі пайда болады. Ал егер қайырымдылық жағдайы болса онда ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Салық төлемдері пайда болмайды. Немесе туысқандарына аударса, онда да жауапкершілік пайда болмайды, – деді министр.