Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:45

АҚШ–Иран келіссөздері «тұйыққа тірелді» – БАҚ

Иран мен АҚШ
Фото: ашық дереккөз

Financial Times басылымының жазуынша, Ормуз бұғазы мәселесіне байланысты АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер «тұйыққа тірелген».

«Келіссөз жүргізушілердің айтуынша, Пәкістанда өткен АҚШ–Иран келіссөздерінде Ормуз бұғазын бақылау мәселесі бойынша бір шешімге келе алмаған», – делінген хабарда.

Басылым дерегінше, Тегеран бұғазды толық өз бақылауына алуды және одан өтетін кемелерден ақы алуды талап етуде. Сонымен қатар, Иран бұл аймақты бірлесіп бақылау туралы ұсынысты қабылдамаған.

11 сәуір күні Исламабад қаласында АҚШ пен Иран делегацияларының кездесуі өтті. Америка делегациясының құрамында вице-президент Джей Ди Вэнс, арнайы өкіл Стив Уиткофф және Джаред Кушнер болған. Иран тарапынан парламент төрағасы Мохаммад Багер Галибаф пен сыртқы істер министрі Аббас Аракчи қатысқан.

Бұған дейін Вашингтон мен Тегеран келіссөз өткізу мақсатында атысты уақытша тоқтатуға келіскен еді. Сондай-ақ, Иран ұсынған он тармақтан тұратын жоспар болашақ келісімдердің негізі болуы мүмкін екені айтылуда.

Тегтер: