Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды
![Тимур Сәдуақасов](/static/img/image.jpg)
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болған Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланды.
Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланғаны туралы ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Тимур Сәдуақасовты заңсыз пайдалы қазбаларды өндіруге қатысты қылмыстық іс бойынша пара алу және алаяқтық бойынша іздеп жатыр.
Еске салайық, 2024 жылдың желтоқсанында сот бұл іс бойынша барлық айыпталушыларды, соның ішінде Сәдуақасовты да ақтап шыққан болатын. Алайда, кейін прокуратура апелляциялық шағым түсірген.
Тимур Сәдуақасов 2019 жылдың 18 ақпанында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. «Әділет» жоғары заң мектебінің заңгер мамандығын және Көкшетау экономика және менеджмент институтының қаржы бакалавры дәрежесін алған.