Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:52, 14 Қазан 2023

Ақтау «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болады

мәдени астана
Фото: из открытых источников

Бұған дейін бұл атауға «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесіне Астана мен Түркістан қалалары ие болған.

Түрксой халықаралық ұйымының қазақстандық өкілі Бақытжан Омар "Ақтау 2025 жылы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесіне ие болады" деген жағымды жаңалықпен бөлісті.

Әзербайжан қаласы Шушада Түрксой Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің 40-отырысы өтті. Онда 2025 жылы Ақтау «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болады деп маңызды шешім қабылданды.

Бұл – үлкен жетістік. Жыл бойы түркі елдері Каспий жағалауына жиналып, түрлі іс-шаралар өткізеді. Осының арқасында өңірдің туристік әлеуеті артады, - деді Бақытжан Омаров.