Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:11

Ақтауда 15 жастағы қыз көпқабатты үйден құлап, қаза тапты

1
Фото: ашық дереккөз

6 сәуір күні Ақтау қаласының 13-шағынауданында қайғылы оқиға болды. 15 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйдің бірінен құлап, көз жұмды.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, аумақты қоршауға алды. Куәгерлердің айтуынша, жерде тергеу топтары мен арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеген.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған қыздың қаза болғанын растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Алдын ала нұсқа ретінде суицид қарастырылуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

Тегтер: