Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:47, 04 Қаңтар 2026

Ақтауда «Қазпошта» бөлімшесінен алынған есірткі сәлемдемесіне қатысты екі адам ұсталды

1
Фото: ашық дереккөз

Ақтау қаласында екі ер адам Қазпошта бөлімшесінен есірткі заттары бар пошта сәлемдемесін алғаннан кейін полициядан қашуға әрекет жасаған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктілерге тоқтау туралы талап қойылғанымен, олар оны елемей, көлікпен қашып кеткен. Қуғын барысында ер адамдар пошта сәлемдемесін жолға лақтырып жіберген.

 Одан кейін күдіктілер көлікті тастап, жаяу қашпақ болғанымен, полиция қызметкерлері екеуін де ұстап алды.

Сараптама нәтижесі

Жүргізілген сараптама тасталған сәлемдеменің ішінде жалпы салмағы шамамен 400 грамм героин болғанын анықтады. Осы дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз тасымалдау фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Медициналық куәландыру нәтижесінде ұсталғандардың қанынан есірткі заттарының іздері табылды.

  • Көлік жүргізушісіне есірткілік мас күйде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілік тағайындалды;

  • Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды;

  • Екі азамат та есірткіні медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін арнайы қабылдау орнына қамалды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.