Ақтауда лифт құлап, 34 жастағы ер адамды басып қалды

Ақтауда 24 қазанға қараған түні 3-шағын ауданда лифт 34 жастағы ер адамның үстіне құлады.
Ер адам сол жерде көз жұмды, деп жазады Zhasalash.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының полиция департаменті, қайғылы оқиғаның бүгін түнде 3-шағын аудандағы ғимараттардың бірінде болғанын растады.
Оқиға дүкендердің бірінің ғимаратында болған. Екі адам сөрелердегі нанды түсіріп жатқан. Сол мезетте лифт құлап, ерлердің бірін басып қалған ішіне кіріп кеткен. Ал екінші адам қарсы бетке соққыдан құлап кеткен.
Облыстық полиция департаменті тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтердің жарияланбайтынын мәлімдеді.
- Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен (Еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) Ақтау қаласы ППБ-на тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлады полиция.