Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:45

Ақтауда оқушы қыздар бірін-бірі талдырған: Білім басқармасы түсініктеме берді

Оқушы қыздар
Фото: ашық дереккөз

7-сыныптың қыздары осылайша қауіпті ойын ойнап, оны бейнежазбаға түсірген.

Осы оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық білім басқармасы түсініктеме берді. Айтуларынша, оқиға 18-сәуір күні Ақтау қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің бірінде болған. Қыздар әжетханасында 7 сынып оқушысын өкпе тұсынан қысу арқылы талдыру фактісі тіркелген. 

«Қазіргі уақытта жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен профилактикалық психологиялық жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, аталған оқиғаға қатысты оқушылар Ақтау қаласы әкімі жанындағы кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша арнайы комиссияда қаралатын болады. Ақтау қалалық білім бөлімінің тарапынан мектеп директорына тәртіптік шара қолданылды», - делінген Маңғыстау облыстық Білім басқармасының хабарламасында.