Бүгін, 11:45
Ақтаудағы жарылыс: бес адам зардап шекті
Бүгін таңертең Ақтау қаласындағы тұрғын үй кешенінде газ баллоны жарылып, одан кейін өрт шыққан.
Жарылыс сервистік орталықтың жертөле бөлігінде болған.
Дүмпу толқыны бірінші қабаттағы пәтерлердің терезелерін ұшырып, бірнеше көлікке зақым келтірген және құрылыс алаңының жанындағы тас қоршау жартылай қираған.
«Оқиға орнына жедел түрде 15 құтқарушы және бес арнайы техника, сондай-ақ жедел жәрдем келді. Өрт сөндірушілер жалынды өшірді, қазір жарылыстың себептері анықталып жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ТЖД өкілдері.
Жарылыс салдарынан бес адам зардап шеккен. Дәрігерлердің мәліметінше, олардың екеуі ауруханаға жеткізілген, қалғандарына алғашқы көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген.