Бүгін, 16:45
Ақтаулық прокурор Алматы әуежайындағы тәртіпсіздігі үшін айыппұл төлейді

Маңғыстау апелляциялық соты Ақтаудың прокуроры Ерболат Абдировты «шағын бұзақылық» қылмысы бойынша кінәлі деп танып, оған 78 640 теңге айыппұл салды.
Сот алдыңғы инстанцияның шешімін жойды. Бұрынғы сот ісі тоқтатылған болатын.
Апелляция анықтағандай, 27 тамыз күні түнде Алматы әуежайындағы автобус ішінде Абдиров жолаушыларға тиісіп, қоғамдық тәртіпті бұзған. Оның кінәсі куәгерлердің мәлімдемелері мен полиция материалдарымен расталды.
Айта кетейік, 10 қыркүйекте Ақтау прокуроры Алматы әуежайында мас күйінде жанжал шығарғаны үшін ұсталған еді.
Кейіннен оның Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Абдировтың екені хабарланды. Ұстауға «мас күйінде жанжал шығару» себеп болған.