08:09, 16 Қаңтар 2023
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды

Актер, режиссер және әнші Вахтанг Кикабидзе 85 жасында қайтыс болды.
Кеңестік және грузин актері Вахтанг Кикабидзе 1938 жылы Тбилисиде дүниеге келген.
Кинодағы дебютін 1966 жылы «Таудағы кездесу» фильмінде жасады.
Сценарист және режиссер ретінде «Сау бол, қымбаттым» және «Еркектер және қалғандары» деп аталатын екі толықметражды фильм түсірді.
Кикабидзенің фильмографиясында 20-дан астам картина бар.