Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:15

«Ақтөбе» клубының 15 жастағы футболшысы қайтыс болды

Арон Муса
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе» футбол клубының жас ойыншысы Арон Мұса көз жұмды. Жасөспірім  газдан уланып қайтыс болған.

Футбол клубының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме таратты:

«Арон әжесі мен немере ағасымен бірге қаза тапты. Арон Мұсаның отбасына және жақындарына көңіл айтамыз».

Алдын ала мәлімет бойынша, отбасы газдан уланған. Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты не растамады, не теріске шығармады.

«Оқиға туралы хабар кезекші бөлімге кешегі күні түсті. Оқиға орнын тексеру кезінде өрт іздері табылған жоқ, алайда үш адамның сүйегі анықталды», - деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір сараптама тағайындалып, нақты өлім себебі анықталып жатыр. Полиция тергеуді бастады.

Тегтер: