Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:26

Ақтөбе облысында 100-ден аса сайғақ өзенді кесіп өтерде тапталып өлген

1
Фото: из открытых источников

Ақтөбе облысының Айтеке би ауданында Қайрақты өзенінен ондаған сайғақтың өлі денелері табылды. Жергілікті тұрғындар су бетінде қалқып жүрген аңдарды байқап, мамандарға хабарлаған.

Оқиға орнына экология департаментінің өкілдері, ветеринарлық қызмет пен орман шаруашылығы инспекциясының мамандары шықты. Барлығы 108 сайғақтың өлі денесі өзеннен алынды — оның ішінде 60-ы еркек, 48-і ұрғашы. Барлық мәйіттерге залалсыздандыру жүргізіліп, көміліп тасталды.

Алдын ала деректерге сәйкес, жануарлар өзеннен өткен кезде бір-бірін таптап кеткен. Сайғақтар қысқы мекеніне қарай оңтүстікке қоныс аударып бара жатып, биік жарқабақ пен қалың қамыстың кесірінен өзеннен шыға алмай қалған.

«Барлық тиісті департамент мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Сегіз техника мен 22 адам тартылды. Өлім себебі – өзеннен өту кезіндегі қысым мен тапталу»,– деді Ақтөбе облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әділгерей Әуелбаев.

Мамандардың мәліметінше, бүгінде Ақтөбе облысы аумағында шамамен 300 мыңға жуық сайғақ мекендейді.

Тегтер: