Бүгін, 10:32
Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушының өліміне қатысты сотталғандар бостандыққа шықты
Қопа ауылында 11 және 10-сынып оқушылары 9-сынып оқушыларын «үлкендерге құрмет көрсетпеді» деген себеппен соққыға жыққан.
Салдарынан 14 жастағы Нұржан қайтыс болды.
Сот ұйымдасқан топтағы үш жасөспірімге 1 жыл бас бостандығынан шектеу, ал тағы екеуіне 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Алайда кейін сот жазаны шартты түрде өзгертіп, оларды бостандыққа шығарды.
«Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі қайта қарап, осы үш сотталушыға тағайындалған нақты жазаны шартты жазамен ауыстырды. Яғни олар бостандыққа шықты, жазасын еркіндікте өтейтін болады, бірақ белгілі шектеулер бар», - деп хабарланды.