11:55, 19 Ақпан 2026
Ақтөбе облысында 23 жастағы мұғалімнің өлімі тергеліп жатыр
Ақтөбе облысында 23 жастағы мұғалімнің өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиғаның мән-жайын Темір аудандық полиция бөлімі анықтап жатыр. Құқық қорғау органдары болған жайттың барлық жағдайын тексеруде.
Алдын ала мәлімет бойынша, жас педагог өз-өзіне қол жұмсаған. Оған қандай себептер түрткі болғаны әзірге хабарланбады.
Ол Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округіне қарасты Еңбекші орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Әріптестері оның жағымды мінезді, жауапты ұстаз болғанын айтады. Тіпті бірнеше күн бұрын ашық сабақ өткізгені белгілі.
Полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.