Бүгін, 11:10
Ақтөбе облысында адам өліміне әкелген жол апаты болды
Ақтөбе – Жайсан тас жолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан ВАЗ-2115 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан.
Ал Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген.
Полицияның дерегінше, жол апаты 10 сәуір күні шамамен сағат 23:00-де ВАЗ-2115 және Lada Granta автокөліктерінің қатысуымен болған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.