Ақтөбе облысында әйел екі баласын өлтірді деген күдікке ілінді

Атырау облысының тұрғыны екі баласын өлтірді деген күдікке ілінді.
Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласындағы үйлердің бірінен екі кішкентай баланың мәйіті табылды. Олардың өліміне қатысы бар деген күдікпен балалардың анасы Атырау облысының тұрғыны ұсталды.
Ақтөбе облыстық полициясының алдын ала мәліметі бойынша, әйел босанғаннан кейінгі күйзелісте болған. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Наурыздың 23-і күні Қандыағаш қаласында екі кішкентай баланың мәйіті табылды. Олардың өліміне күдікпен Атырау облысының тұрғыны анасы ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол босанғаннан кейінгі күйзеліске ұшыраған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, күдікті 1996 жылы туған. Атырау облысынан Қандыағаш қаласына келген. Полицияның хабарлауынша, балалардың бірі үш жаста, екіншісі 11 айлық болған. Басқа мәліметтер жарияланбады.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Диана Аманғалиева