Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:55

Ақтөбе облысында бұзылған автобустың жолаушылары эвакуацияланды

1
Фото: скриншот

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолда бұзылып қалған жолаушылар автобусының жолаушылары қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 

Бұл туралы Қазақстан ТЖМ хабарлады.

112 пультіне «РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда – Алматы – ҚХР шекарасы» автожолының 1094-шақырымында «Мәскеу – Ташкент» бағытымен келе жатқан автобустың техникалық ақауға байланысты жолда тоқтап қалғаны жөнінде хабарлама түскен. Оқиға Ирғыз ауданы аумағында болған.

Хабарлама түсе салысымен оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жеткен. Құтқарушылар техникалық ақауы бар автобустан 13 жолаушыны эвакуациялап, оларды Қалыбай ауылындағы «Көшпенді» кемпингіне жеткізді.

Жолаушылардың ішінде Қазақстан Республикасының екі азаматы және Өзбекстан Республикасының 11 азаматы болған. Құтқару жұмыстары барысында зардап шеккендер тіркелмеді, эвакуацияланған азаматтарға медициналық көмек қажет болмаған.

Тегтер: