Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:10

Ақтөбе облысында әкімге балабақша тәрбиешісін соққыға жықты деген айып тағылды

Қазбек Аққайыр
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайырға қатысты шулы іс сотта қаралып жатыр. Бұл туралы HALYQSTAN телеграм арнасы хабарлады.

Тергеу материалдарына сәйкес, былтыр жылдың соңында 39 жастағы әкім Қандыағаштағы балабақшаның ересектер тобының тәрбиешісі Е. есімді азаматшаға қол жұмсап, беті мен басынан бірнеше рет ұрған. Оқиға барысында ол бейәдеп сөздер айтып, балағаттағаны да айтылады. Кейін жәбірленушіге «ми шайқалуы» диагнозы қойылған.

Жағдайды одан сайын күрделендірген жайт – тәрбиешінің өзі берген мәлімдемесі. Ол әкіммен интимдік байланыста болғанын айтқан. Ал Қазбек Аққайыр бұл айыптаулардың барлығын үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр.

Қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатыр.

Айта кету керек, биылдың өзінде Қазбек Аққайыр екі рет Әдеп жөніндегі кеңестің қарауына түсіп, екі мәрте тәртіптік жаза алған. Бұған дейін оған тұрғындармен дөрекі сөйлегені үшін де шағымдар түскен. Ол 2020 жылы республикалық «Үздік ауыл әкімі» байқауында жеңімпаз атанған болатын.