Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:28

Ақтөбе облысында прокурор ұсталды

қылмыс
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында прокуратура қызметкері ұсталды.

Ақтөбе облыстық прокуратурасының мәліметінше:

 17 ақпанда ҚР ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің орталық аппараты мен ҚР Бас прокуратурасының Ішкі қауіпсіздік департаменті бірлесіп, Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкерін ұстады. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтері жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде Ақтау және Рудный қалаларының прокурорлары да ұсталған болатын.

Тегтер: