12:17, 26 Қыркүйек 2024
Ақтөбе облысында шопандардан 300-ден астам ақбөкен мүйізі мен қару тәркіленді
Ақтөбе облысының полицейлері шопандардан 300-ден астам ақбөкен мүйізі мен қару тәркіледі.
"Қосбармақ" қыстауында "Қарасора" операциясы барысында шаруа қожалығын тінту кезінде 5 қапшыққа салынған 320 дана ақбөкен мүйізі табылды. Сондай-ақ тіркелмеген екі аңшы мылтығы тәркіленді, делінген хабарламада.
Күдіктілер мүйіздерді сатып алушыларға сатпақ болған. Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.