Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды
Жол апаты Ақтөбе–Орынбор тасжолында тіркелді.
Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтөбе қаласынан Мәртөк ауылына бағыт алған Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Hyundai Solaris автокөлігімен соқтығысқан. Соққының салдарынан Honda бағытын өзгертіп, қарсы беттен келе жатқан ВАЗ-2110 көлігіне соғылған.
Жол апаты салдарынан ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатарHonda Odyssey және ВАЗ-2110 көліктеріндегі екі жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген.
Қазіргі уақытта Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, 25 қаңтарда Жетісу облысы Ақсу ауданында жол апаты салдарынан бес адам көз жұмды, тағы екі адам түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 24 қаңтар күні сағат 15:30 шамасында «Көшкентал-Қапал» автожолының 4-шақырымында болған. Алдын ала деректерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы екі жеңіл көлік соғысқан.