Ақтөбеде бес баланың анасын туған бауыры мәжбүрлеп психиатриялық ауруханаға жатқызған

Ақтөбе қаласында 5 баланың анасы туысының өтінішімен негізсіз түрде жындыханаға жіберілген. Ал оның балалары қазір жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.
Отбасы бұған дейін Қобда ауданында тұрған. Ата-анасы ажырасқаннан кейін қалаға көшіп келген. Осы кезде туыстар арасында мүлікке байланысты дау туындап, соңы осындай жағдайға ұласыпты.
Үйдің үлкені Құралайдың айтуынша, нағашы тәтесі дәрігерлерге «анасы есінен айрылған, балалары қараусыз қалған» деп жалған ақпарат берген. Содан кейін анасын күштеп ауруханаға жатқызған. Ал тәтесі қыздың телефонын пайдаланып, үйді сатып, таныстарынан ақша алған.
Қазір бұл жағдай облыстық білім басқармасы мен Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бақылауында. Ресми мәліметке сәйкес, балалардың қамқорлық мәселесі заң аясында шешілмек.