Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:45

Ақтөбеде дәрігерді өлтірген қызметкер 20 жылға сотталды

1
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде 69 жастағы әріптесін өлтіріп, мәйітін тоңазытқышқа жасырған 31 жастағы дәрігер 20 жылға бас бостандығынан айырылды.


Тергеу мәліметінше, айыпталушы диализ орталығында бірге жұмыс істеген нефролог дәрігердің сеніміне кіріп, оның телефонына банк қосымшаларын орнатып жүрген. Сол сәтте ол әріптесінің есепшотында қомақты қаржы барын байқап қалған.

Кейін дәрігер көзін емдету үшін Астанаға аттанарда пәтерінің кілтін сол әріптесіне қалдырып, үйін қарайлауды өтінген. Алайда дәрігер үйіне оралған күні пәтерінде жасырынған ол дәрігерге бірнеше рет балтамен соққы жасаған.

Қылмыскер дәрігердің сүйегін тоңазытқышқа салып, пәтерден жалпы 6,9 млн теңгеге жуық ақша мен бағалы заттарды ұрлап кеткен.

Сот үкімі бойынша ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тегтер: